ШҚО-да скрининг нәтижесінде обырға шалдыққан 65 әйел анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл скриниг нәтижесінде обырға шалдыққан 65 әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары әйелдер арасында сүт безі обырына шалдығатындар аз емес. Алайда дертті дер кезінде анықтау және емдеу жағынан айтарлықтай жетістіктер бар. Бұл ретте скринигтік зерттеулердің маңызы зор.

«Скрининг – әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді. 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс. Бұл тексеру тегін жүргізіледі», - дейді қордың медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы Гүлмира Қабдиева.

Шығыс Қазақстанда биыл скринингтік зерттеулер нәтижесінде 65 әйелдің осы ауруға шалдыққаны анықталып, 650 әйелден сүт безі обырының ошағы бар екені белгілі болған. Жалпы өңір бойынша 58 458 нәзік жанды скринигтен өтті.


Соңғы жаңалықтар