ШҚО-да шомылуға тыйым салынған жағажайларда рейд жүріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары шомылуға тыйым салынған жағажайларда рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар өзен-сулардың жағажайларын және шомылуға рұқсат етілмеген учаселерді қайықпен патрульдеді.

«Мұндағы негізгі мақсат – халықтың қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалау. Соңғы 2 күнде құтқарушылар 500-ге жуық адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 2 мыңнан астам жадынама таратты. Рейд барысында барлық 16 демалыс орны мен 64 рұқсат етілмеген жағажайды қамтылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталмаған су айдындарында шомылу аса қауіпті екендігін ескертеді. Судағы жазатайым оқиғалардың басты себебі де осы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО жағажайларында 133 тыйым салу белгісі орнатылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар