ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы бері 31 адам суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында суға түсу маусымы басталғалы бері 31 адам көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар алдын алу шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан өңірде суға батқандар тіркелуде.

«15 тамыз күні кешкі уақытта достарымен Шүлбі су қоймасына шомылуға барған 27 жастағы ер адам суға кетті. Құтқарушылар мәйітті сол күні жағадан 15 метрдей қашықтықта тапты. Статистика көрсеткендей, судағы қайғылы жағдайлар көбінесе адамның өз кінәсінен болып жатады. Негізгі себептерін атап айтсақ: рұқсат етілмеген жерге шомылу, спиртті ішімдік ішіп суға түсу және өз күшін дұрыс бағалай алмау», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Шомылу маусымы басталғалы бері облыс бойынша 31 адам суға батқан. Осы ретте, ТЖ департаменті тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті екенін, шомылған кезде жағалаудан тым алысқа кетпеу керектігін, суық суға ұзақ түспей балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар