ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 6 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 6 адам құтқарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзен-көл жағалауларын бақылауда. Түрлі оқиғаларда олар жедел әрекет етеді және зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсетеді. Биылғы шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам құтқарылған.

«Патрульдеу барысында катермен, қайықпен бірнеше шақырым жүзіп өтеміз. Кейде бір күнде +35 градусқа дейінгі температурада 10 сағат жұмыс істеуге тура келеді. Бақылаудың жиілігін келушілердің санына байланысты да өзгертеміз. Демалыс күндері, ыстық ауа райында жұмысты күшейтеміз», - дейді құтқарушы Серікбай Мақатов.

Жағажай – қоғамдық орын. Мұнда алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынады. Департамент қызметкерлері полицейлермен бірлесіп рейд жүргізу кезінде 371 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ата-анасының қарауынсыз демалатын 14 жасқа дейінгі балаларға назардан тыс қалмайды. Егер құтқарушылар жағажайда ересектерсіз жүрген балаларды көрсе, полицияға хабарлауға және ата-аналарын шақыруға құқылы. Қараусыз бала қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 1 бала батып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.



Соңғы жаңалықтар