ШҚО-да шипажай бар ауылда дәрігер жетіспейді

None
None
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар Бақытжан Ертаев, Әлия Сапарова және Жанат Омарбекова Шемонаиха ауданына қарасты Выдриха ауылындағы зейнеткерлерге арналған «Уба» шипайжайына бас сұғып, сонда жиналған ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдады.

Ауыл тұрындары депутаттарға фельдшерлік-акушерлік бекетте дәрігер жетіспейтінін айтып шағымданды. Бұл шағымға ауыл әкімі Любовь Ступенько жауап беріп, күзге дейін жас дәрігер тауып әкелуге уәде берді. Тұрғындар қазіргі еңбекақы мөлшеріне көңілдері толмайтындықтарын жеткізді.
null

Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған депутаттар әр мәселені жіті зерделеп, шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Кездесуден кейін Мәжіліс өкілдері ауылдағы білім ошағы мен акушерлік бекеттің жағдайымен танысты.

Соңғы жаңалықтар