+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

ШҚО-да шетелдік компания қызметкерлерінің еңбек келісімшарттары тексеріледі

2019 жылғы 17 шілде 19:09
Бөлісіңіз:
ШҚО-да шетелдік компания қызметкерлерінің еңбек келісімшарттары тексеріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев бастаған арнайы жұмыс тобы бас мердігер «Синьсин» компаниясы жүргізіп жатқан «Қалбатау-Майқапшағай» жол жөндеу учаскесіндегі жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелдіктер қазақстандық жұмысшылардан әлдеқайда көп сыйақы алып келген – Бас прокуратура Шымкенттік жұмысшылар заңсыз еңбек миграциясына шағымданған Қарағанды облысындағы кәсіпорында шетелдік қызметкерлермен қақтығыс болды

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес іске кіріскен жұмыс тобының құрамында облыстық прокуратура, облыстық полиция департаменті, облыстық еңбек инспециясы басқармасы, Көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, Тауар және қызмет қауіпсіздігі сапасын бақылау департаменті, «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ басшылары бар.

Жұмысшылардың қойған басты талабы – жұмыс және тұру шарттарын жақсарту, жалақы мөлшерін көтеру. Кездесу барысында облыс басшылығымен «Синьсин» компаниясының бас директоры арасында ортақ келісім хаттамасына қол қойылды.Оған сәйкес барлық еңбек келісімдері ҚР заңнамасына сәйкес ретке келтіріліп, жұмысшыларға 3 күн мерзімінде түсіндірілетін болады.

«Егер жұмысшылар түнгі уақытта, демалыс күндері, белгіленген уақыттан тыс еңбек етсе, жалақы мөлшері 1,5 есе көлемінде төленеді. 10 күн ішінде барлық тұрғылықты жерлерде салқындатқыштар орнатылып, ҚР заңнамасына сәйкес ретке келтіріледі. Барлық жұмысшыларға 10 күн мерзімінде арнайы жұмыс киімі берілетін болады.

Жұмысшылардың тұратын жерлерінде күніне үш рет тамақтандыру ұйымдастырылады. Жұмысшылардың ең төменгі жалақы мөлшері 80 мыңнан 120 мың теңгеге көтеріледі.

Жалпы жұмысшылардың жалақысы атқарған жұмыстарына сәйкес 120 мыңнан 360 мың теңгеге дейін болады», делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, жағдай қалыпқа келтірілгнен, мекеме кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Сағат 14.00-ге қарай барлық жұмысшылар өз міндеттерін атқаруға кірісті. Жұмысшылар облыс басшылығына мәселені тездетіп шешіп және көрсетілген көмектері үшін ризашылықтарын білдірді.

Бұдан тыс, ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына, «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ-на (келісім бойынша) және өзге жауапты құзырлы органдар алдына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек келісімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелді. Сонымен қатар жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған шетелдік компаниялардағы қазақстандық жұмысшыларға жалақы төлеу мен еңбек жағдайын жасауды бақылау міндеттеліп отыр.

Хаттаманың орындалуына ШҚО әкімдігі тарапынан бақылау жүргізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT