ШҚО-да шетелдік 9 азамат елден шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шетелдік 9 азамат елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері заң талаптарын сақтамаған 9 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылған. Қазіргі уақытта олардың 5-і түзету мекемелерінен босатылды.

«Мәселен, 20 сәуірде Жарма аудандық сотының шешімі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматшасы елден шығарылған. Ол 2011 жылы есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін сотталған болатын. Әйел жазасын ОВ 156/18 мекемесінде өтеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыпталушыға ҚР аумағына 5 жыл мерзімге кіруіне тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Көші-қон қызметінің мамандары шетелдіктердің облыс аумағында болуына үнемі бақылау жүргізуде. Жыл басынан бері ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар