ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін қайта созылатындығы көрсетілген. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«2021 жылдың 6 қаңтарынан бастап облыс аумағында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар қайта қатынай бастайды. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушысы бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат етіледі. Әр сыныпта 15 оқушыдан аспау керек», - делінген құжатта.

Жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптар оқиды. Ал 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқиды.

Бұдан бөлек, қаулыда екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық режимде оқитындығы жазылған.

Соңғы жаңалықтар