ШҚО-да шектеу шаралары 16 мамырға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 16 мамырға дейін ұзарталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 16 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 11,9%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,017.

«Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында CОVІD-19 инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары болып отыр. Вирус жұқтырғандар саны одан сайын артып кетпес үшін шектеу шараларының сақталуын қатаң қадағалау қажет», - делінген құжатта.


Соңғы жаңалықтар