+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

ШҚО-да шекаралық аумақтағы жеке меншікке берілген жер телімдері тәркіленуі мүмкін

2021 жылғы 20 қыркүйек 11:03
Бөлісіңіз:
ШҚО-да шекаралық аумақтағы жеке меншікке берілген жер телімдері тәркіленуі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шекаралық аумақтағы жеке меншікке берілген жер телімдері мемлекет пайдасына тәркіленіп алынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы 18 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған Шығыс Қазақстанда биыл 143 көлік өртенді Өскемен тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа алданды

ШҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дидар Болатұлының айтуынша, ҚР Жер кодексінің 23-бабына бірқатар өзгеріс енгізілген.

«Заңда жаңа тармақ пайда болды. Соған сәйкес шекара аумағында орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша пайдалануға берілмейді. Онда тек мал жаюға және шөп шабуға рұқсат берілген. Жер учаскесі кейбір жағдайларда мемлекет пайдасына мәжбүрлі түрде тәркіленіп алынады. Мұндай жағдайларының бірі – жерді қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері үшін беру. Десе де меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындары жергілікті атқарушы органдар залалды бағалағаннан кейін толықтай өтеледі», - деді ол.

Мемлекет пайдасына алынған жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны олардың нарықтағы бағасымен есептеледі.

«Жерді тәркілеу – тез аяқталатын шаруа емес. Сондықтан меншік иелері жер телімдерінің тәркіленіп алынатындығы туралы алдын ала хабарланады», - деді Дидар Болатұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT