ШҚО-да шекаралық аудандарды дамытуға 207 млрд теңге бөлінбек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алдағы 5 жылдың ішінде шекаралық аудандарды дамыту үшін 207 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарын дамыту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді. Оны іске асыруға 207 млрд теңге жұмылдырылады. Нақты айтсақ, 36,4 млрд теңге - кәсіпкерлік пен туризмге, 41,4 млрд теңге - агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, 45,5 млрд теңге - тұрғын үй салуға және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымға, 25,7 млрд теңге - әлеуметтік салаға, 58,2 млрд теңге - көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, 2020-2024 жылдарға арналған аталмыш бағдарлама аясында 116 тірек ауылды дамыту көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар