+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттелуде

2021 жылғы 27 шілде 17:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттелуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды Шығыс Қазақстанда биыл 70-тен астам монша өртенді Бұқтырмадағы демалыс базасынан шыққан өрт орманға жайылып кете жаздады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Оның жүйелі жұмысын ұйымдастыру үшін еліміздің барлық аймақтарында өңірлік комиссиялар өз жұмысын бастаған еді. Шығыс Қазақстан облысында осы мақсатта қандай жұмыс атқарылып жатқандығын облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов айтып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Комиссия мүшелері 10 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Облыстың мемлекеттік мұрағатының және арнайы мұрағаттардың 26 қорына зерттеу жүргізілуде», - деді ол.

Саяси қуғын-сүргіннің ақталмаған құрбандарын іздеудің электронды базасы әзірленіп, толтырылуда. Бұл қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы мәліметтерді бір арнаға жинауға мүмкіндік береді.

«Порталдың ішкі бөлігіне мыңнан астам адамға арналған сауалнамалар енгізілді. Сондай-ақ 33 қордағы жабық мәліметтер жарияланды. Қазіргі уақытта ғалымдар мен мұрағатшылар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда», - деді Азамат Мухамедчинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT