ШҚО-да сәуір айында 41 дала өрті тіркелген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сәуір айының басынан бері 41 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әбділовтің айтуынша, 90% жағдайда орман өртінің негізгі себебі – найзағайдан. Биыл Бесқағарай ауданындағы орман өрті 2,2 гектар аумақты шарпыған болатын.

«Сәуір айында 41 рет дала өртенді. Тілсіз жауды 2 рет жергілікті атқарушы органдар өз күштерімен өшірсе, қалғанын өрт сөндірушілер ауыздықтаған. Бүгінгі таңда облыс бойынша өрт сөндіру қызметінде жеке құрамда 2211 құтқарушы мен 452 техника жұмыс істеуде. Сондай-ақ 23 ерікті өрт сөндіру жасағы құрылған. Олардың құрамында 2 мыңға жуық адам, 214 трактор мен 213 техника бар», - деді Қанат Әбділов ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, тұрғын үйлерде және далада шыққан өртті жылдам сөндіру үшін өрт бекетін құрудың маңызы зор. Осы жылы Шығыс Қазақстанда мұндай 15 бекет ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар