ШҚО-да РФ шекарасына дейінгі жолда көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты еліміздің республикалық маңыздағы екі жолының учаскелері жабық тұр.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар, Алматы облысында «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде жол жабылды.

Ал еліміздің бұдан өзге жолдары қазіргі кезде ашық және көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар