ШҚО-да прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылғы желтоқсанда прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кесті», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, биылғы 10 желтоқсанда Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды.

«Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. («Қорқытып алушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген ҰҚК мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар