ШҚО-да пойыз өтетін тау беткейінде жасанды қар көшкіні жүргізіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Теміржолшылар қар көшкініне қарсы сақтық үшін «Тұрғысын – Заводинка» өтпесінде тау беткейінде жиналған қарды жарылыс жасап тау етегіне түсірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысындағы темір жолдың тауда өтетін тұстарында мәжбүрлі түрде қар көшкіні түсіріледі. Тұрғысын – Заводинка өтпесінде осындай жұмыс жүргізіледі. Бұл шара қар көшкіні пайда болуы мүмкін беткейлерде жүзеге асырылады.

«Шығыс Қазақстанда қаңтар айы бойы боран соқты. Таулы жерлердегі жолды қар көшкіні басып қалуы қаупіне байланысты бірнеше мәрте алдын ала ескерту жарияланды. Соған байланысты көлік жолдары жабылғанымен, теміржол үздіксіз істеп тұрды. Қазіргі кезде Серебрянск жол дистанциясының жұмысшылары тау бөктерінен қардың көшуін бақылау жүргізуге дайындалуда», делінген хабарламада.

«Беткейге жиылған қар көшкенде пойыз қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл - табиғи құбылыс. Сондықтан біз жарылыс жасап Тұрғысын – Заводинка өтпесінде тауға жиналған қарды етекке түсіреміз. Ондағы қар көлемі жасанды жолмен түсіру үшін жеткілікті», - деп атап көрсетті Серебрянск жол жол дистанциясының бастығы Фархат Белгібаев.

Жол дистанциясының мамандары жүзеге асыратын мониторинг мәліметтері бойынша биылғы қар көлемі өткен жылғыдан айтарлықтай мол. Қыс басталғалы көшкін орын алуы мүмкін учаскелердегі қардың қалындығы бақылануда. Мамандар қар жабыны қабатының тығыздығын, биіктігін, температурасын жиі өлшеп тұрады.


Соңғы жаңалықтар