ШҚО-да полицияның екі қызметкері тонаушыны бір түнде ұстап, оның құрбанын өлімнен құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІБ-ның екі қызметкері торуыл жүргізу кезінде тонаушылық жасау, дене жарақаттарын салу және өрт салуға күдікті танылған ер адамды ұстады. Сондай-ақ олар қаскүнемнің құрбаны бола жаздаған адамды өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Қарашаның 28-інен 29-ына қараған түні полиция қызметкерлері Досым Кеңесбаев пен Дәулет Ыбырайымов далада қолында сөмке ұстап келе жатқан күдікті ер адамды байқады. Оған жақындап, құжаттарын ұсынуды талап еткенде, ер адам қолындағы жүгін тастап, қаша жөнелген. Алайда көп ұзамай полицейлердің қолына түсті. Оның сөмкесінен теледидардың екі пульті, теледидар қоятын орындық және су сорғысы табылды.

Ер адамды тексеру кезінде полицейлер жақын орналасқан үйден түтіннің будақтап тұрғанын байқаған. Ішінде ес-түссіз жатқан ер адамды анықтаған ІІБ-ның қызметкерлері оны сыртқа шығарып, өлімнен құтқарып алды.

Анықталғандай, ұсталған ер адам жәбірленушінің үйінде онымен бірге отырып, есінен талдырған соң, үйін тонап, өртеп кеткен. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар