ШҚО-да полиция көлігі жол апатына ұшырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында полиция көлігі жол апатына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі себепші болыпты.

«29 жастағы ер адам «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметтік көлігімен соқтығысқан. Қазір оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды» - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар