ШҚО-да полиция бекетінен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында стационарлық полиция бекетінен өтіп бара жатқан ер адамнан иісшіл иттің көмегімен есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында Шемонаиха шаһарындағы «Рубеж» стационарлық полиция бекетінде тәртіп сақшылары «Тойота» автокөлігін тоқтатқан. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен көлік салонын тексеру кезінде 43 жастағы жолаушының жейдесінің қалтасынан есірткі табылды.

«Өсімдік тектес, өткір иісті, қоңыр-жасыл түсті зат бар түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның салмағы 3,41 грамм кептірілген марихуана екендігі анықталды. Өскемен қаласының тұрғыны есірткіні Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентіндегі Үбі өзенінің жағасынан өзі пайдалану үшін жұлып алғанын түсіндірді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар