ШҚО-да полицейлер жоғалған 2 баланы тапты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында полиция қызметкерлері жоғалған 2 баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласында тәртіп сақшылары түн кезінде көшелерді патрульдеу барысында ата-анасының қарауынсыз жүрген қаршадай балаларды тапқан.

«Белгілі болғандай, сол күні отбасы мүшелері туыстарының бірінің үйіне қонаққа барған. Содан қайтып бара жатқанда 8 және 6 жастағы балақайлар велосипедпен алға озып кеткен. Алайда тым алысқа ұзаған олар адасып қалды. Ата-анасын таба алмай айқайлап жүрген балаларды полиция қызметкерлері байқап қалған», - делінген ақпаратта.

Полицейлер екі оқушыны әке-шешесіне аман-есен жеткізді. Өз кезегінде олар сақшыларға шынайы ризашылықтарын білдірді.


Соңғы жаңалықтар