ШҚО-да полицейлер ұрланған 100 бастан астам малды иелеріне қайтарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ұрланған 5 млн теңгенің малын иелеріне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24-28 ақпан аралығында жүргізілген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында 40-тан астам мобильді топ құрылған. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 430 көлік құралын және ет өнімдерін сататын 193 сауда орнын тексерді.

«Шара барысында мал ұрлығы бойынша 8 факті анықталып, 19 бас мал иелеріне қайтарылған. Сондай-ақ осыған дейін жасалған 27 қылмыс ашылды. Нәтижесінде құны 5 млн теңгеден асатын 100 бастан астам мал табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар