ШҚО-да полицейлер тапқан 13 жылқының иесі іздестіріліп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері тапқан 13 жылқының иесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 маусымда тәртіп сақшылары Самсоновка ауылы маңында қараусыз жайылып жүрген жылқыларды тапқан.

«Қазіргі уақытта 13 жылқы мен 2 құлын Самсоновкадағы шаруа қожалықтарының біріне уақытша жеткізілді. Мал иесі әлі анықталған жоқ. Одан «102» нөміріне хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жылқы иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аталған бапқа сәйкес 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар