ШҚО-да полицейлер ауыл шетінде өсіп тұрған 3 гектар қарасораны өртеп жіберді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында полиция қызметкерлері ауыл шетінде өсіп тұрған 3 гектар қарасораны өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусым мен 30 қазан аралығында өңір бойынша «Қарасора» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

«Шара аясында Первомайское және Усть-Таловка кенттері, Убинка, Выдриха, Расыпное, Красная Шемонаиха ауылдарының іргесінде өсіп тұрған үш гектар қарасора жойылды. Бұндағы мақсат - есірткі саудасының алдын алу», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары ауылшаруашылық алқаптарында және ұйымдардың аумағында өсіп тұрған қарасораны жоймағандар әкімшілік жауапқа тартылатындығын ескертті. Жеке тұлғалар үшін айыппұл - 10 АЕК, ал заңды тұлғаларға - 40 АЕК-ті құрайды.


Соңғы жаңалықтар