+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ШҚО-да перзентханаларды жабдықтауға 5 млрд теңге бөлінеді

2021 жылғы 4 наурыз 23:31
Бөлісіңіз:
ШҚО-да перзентханаларды жабдықтауға 5 млрд теңге бөлінеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында перзентханаларға заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға 5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда 18 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтіледі КВИ-ге қарсы вакциналау: Тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 159 науқастың жағдайы өте ауыр

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Шығыс Қазақстан аудандарында босандыру қызметін көрсетуді жаңғырту бойынша кезекті кеңес өткіздім. Биыл бұл – өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудағы негізгі бағыты. Перзентханаларды жоғары сапалы медициналық жабдықтармен жабдықтауға бес миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар перзентханалар орналасқан кейбір медициналық мекемелерге күрделі жөндеу қарастырылған. Қазір сметаға түзету енгізілуде, бір аптадан кейін дайын болуы тиіс», - деді ол.

Осы кешенді шаралар әйелдерге өз ауылынан жүздеген шақырым қашықтыққа сабылмай, сол жерде босануына жағдай жасайды.

«Жүйені модернизациялау салмағы бір жарым келіден асатын нәрестелерді күтуге, ауыр жағдайдағы әйелдерді босандыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Өскемен мен Семейдің перинаталдық орталықтарын да қосымша жабдықтау үшін қаражат бөлінеді», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT