ШҚО-да патрульдік автомобиль көлік апатына ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында патрульдік автомобиль жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, «102» пультіне Риддер қаласында жол-көлік апаты болғаны туралы хабарлама түскен. Мас күйдегі жүргізуші жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21061 көлігі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, патрульдік көлікпен соқтығысқан.

«Полиция қызметкерлері көліктердің бетпе-бет соғысуына жол бермеу үшін оңға қарай рульді бұрған. Сол кезде көліктің артқы дөңгелегі тұсынан соққы болып, қызметтік көлік аударылып қалған. Көлік құралы бүлінгенімен қызметкерлер зардап шеккен жоқ», - деп атап өтеді ведомстводан.

Ал жол апатына кінәлі 42 жастағы жүргізуші Риддер қаласының уақытша оқшаулағышына 20 тәулікке қамалды.


Соңғы жаңалықтар