ШҚО-да патронат отбасында тәрбиеленіп жатқан баланы сол отбасының мүшесі өлтіріп қойған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай ауданындағы патронат отбасында тәрбиеленген кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс мәресіне жетті.
Бұл қылмыстың ашылмай келе жатқанына біраз уақыт өткен. Бұған көптеген мән-жайдың анықталмауы себеп болды.
«Баланың өліміне патронаттық отбасындағы 27 жастағы туысының қатысы бары белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған істің соңғы шешімін алқабилер соты шығарады. Егер күдіктінің қылмыс жасағаны дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді – Думан Сүлейменов
- Мүлік иелерінің бірлестігін қалай құруға болады: Алматы әкімдігі түсіндірді
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
-
Ирак астанасында екі жарылыс болып, кем дегенде 23 адам мерт болды
-
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам