ШҚО-да пара алған аудан әкімінің орынбасары 3 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары 500 мың теңге пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов осындай Antikor ақпарат алаңында мәлім етті.

«28 қыркүйекте Глубокое аудандық сотының үкімімен Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Кимасов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу шартына қосымша келісім жасағаны және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Кимасов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», - деді агенттік өкілі.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов бюджеттен 40 млн теңге жымқырды деп айыпталған Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы сотталғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар