ШҚО-да пандемия басталғалы бері зертханаларда қанша ПТР-сынама тапсырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус пандемиясы басталғалы бері зертханаларда 1,4 млн-нан астам ПТР-сынама тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, COVID-19 пандемиясы басталғалы бері өңір аумағында 59 516 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 47 720 науқаста аурудың симпомдары байқалды.

«Облыста соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелді. Бір күнде 27 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта аймақ бойынша стационар жағдайында 88 науқас ем-дом қабылдап жатыр», - делінген ақпаратта.

Бүгінде Шығыс Қазақстан бойынша ПТР-сынамаларды тексеруді 19 зертхана жүргізеді. Осы уақытқа дейін облыс жұртшылығы сол зертханаларда 1 408 786 рет сынама тапсырған. Оның 4,2%-ында коронавирус табылды.


Соңғы жаңалықтар