ШҚО-да пандемия басталғалы бері 60 мыңға жуық адам вирус жұқтырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында пандемия басталғалы бері 60 мыңға жуық адам вирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, COVID-19 пандемиясы басталғалы өңір аумағында 59 129 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 47 392 адамда симптомдар байқалды.

«Соңғы тәулікте өңір бойынша 64 тұрғыннан коронавирус анықталды. Оның ішінде Өскемен (35) мен Семей (18) қалаларында аталған дертке шалдыққандар жиі тіркелген. Жалпы облыстағы стационарларда төсек-орын қорының жүктемесі – 14,3 пайызды құрап отыр», - делінген хабарламада.

Бір күн ішінде 10 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Стационарларда жатқан 38 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, аймақ бойынша ПТР-тестілеуді 19 зертхана жүргізеді. Пандемия басталғалы бері онда барлығы 1 385 395 адам тексерілген. Оның 4,3%-ында вирус анықталды.


Соңғы жаңалықтар