ШҚО-да пандемия басталғалы 11 мың науқаста коронавирус симптомдары болмаған

None
None
​ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында коронавирус пандемиясы басталғалы дертке шалдыққан 11 813 адамда ауру симптомдары болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.

«Бір күнде 7 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 54 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 4,6 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Жалпы пандемия басталғалы бері аймақ бойынша 59 552 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 11 813 адамда, яғни 20 пайызында ауру симптомдары болған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар