ШҚО-да палуандар батл ұйымдастырып, күш теңестірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне ең мықты деген атлеттер батл ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан спортшылары одағының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Batyrs' Battle жобасының авторы белгілі атлет, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников.

Сайысқа облыстың әр ауданынан 8 палуан қатысты. Олар:

- биіктікке қап көтеру

- бөрене көтеру

- тас көтеру

- металдан жасалған шыбық майыстыру

- белдесу бойынша күш теңестірді.

«Бұл тек спорттық емес, сондай-ақ мәдени шара. Сол арқылы біз Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өтеміз, ал батырларымыз палуанымыздың ізімен жүріп көреді. Одан бөлек, шараның тәрбиелік мәні де бар. Біз бабамыздан қалған дәстүрді жас ұрпаққа жеткізіп, мұндай спорт түрлерін сақтауға тырысудамыз», - деді Сергей Цырульников.

Нәтижесінде Batyrs' Battle белдігі грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері Салауат Ахметқалиге бұйырды.

Қазақстан спортшылары одағының төрағасы Азамат Қарлығашев екі жеңімпаз республикалық сайыстың Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық кезеңінде өнер көрсете алатынын айтты.

Сайыс қорытындысы:

1-орын – Салауат Ахметқали (бойы - 178 см, салмағы - 118 кг)

2-орын – Александр Никитин (бойы - 188 см, салмағы - 115 кг)

3-орын – Максим Осипов (бойы - 178 см, салмағы - 118 кг)

4-орын – Манат Ешмуратов (бойы - 178 см, салмағы - 118 кг)

5-орын – Роман Каунов (бойы - 180 см, салмағы – 97,50 кг)

6-орын – Алексей Сизов (бойы - 174 см, салмағы - 98 кг)

7-орын – Евгений Епифанов (бойы - 185 см, салмағы - 115 кг)

8-орын – Евгений Борисов (бойы - 178 см, салмағы - 106 кг)


Соңғы жаңалықтар