ШҚО-да өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтарға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 54 жастағы азамат алаяқтардың құрбаны болып қала жаздағанын айтқан. Белгілі болғандай, өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырған екі бейтаныс адам оның атына 32 000 теңге мөлшерінде онлайн несие алмақ болды.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 30 және 43 жастағы екі ер адамды ұстады. Олардың бірі бұрын сотты болған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар