ШҚО-да өткен жылы жоғалған әйелдің өлі денесі табылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО полициясы бұрын хабар-ошарсыз кеткен Ұлан ауданында тұрған, деп хабарлайды Polisia.kz.

47 жастағы марқұм 2022 жылдың 16 тамызында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ол 3 баланың анасы.

«Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестірді. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілерімен бағдарлар жолданды. 3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны туралы және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп, аймақты қарап, қазу барысында іздестіруде жүрген зорлықпен өлтірілген әйел адамның мәйітін тапқан. Қылмысқа қатысты күдікті ұсталды», - делінген полиция хабарламасында.

Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар