ШҚО-да отқа оранған жер үйден 2 газ баллоны шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бүгін 3 үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Жалпы ауданы 35 шаршы метрді құраған қызыл жалын жиһазды, тұрмыстық техника мен жеке заттарды шарпыды.

«Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына – пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылар жанып жатқан үйден 2 газ баллонын алып шықты. Көп ұзамай от толықтай ауыздықталды», - делінген хабарламада.

Өскеменде «Алтай садовод» бау-бақша қауымдастығындағы жер үйдің шатыры, жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар өртенді. Жалынның жалпы ауданы – 50 шаршы метр. Оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған.

Сондай-ақ Шемонаиха ауданы Қонаев ауылындағы Центральная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде терезе және есік блоктарының ағаш кұрылымдары, жиһаз, тұрмыстық техниканы өрт шарпыды. Өрт сөндірушілер 20 шаршы метрге тараған жалынды өшірді.


Соңғы жаңалықтар