ШҚО-да өрттен көз жұмғандар 20 пайызға артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл өрттен көз жұмғандар өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өрт кезіндегі өлім-жітім көбейді. Осы жылы тілсіз жаудан мерт болғандар саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20 %-ға артқан.

«Жыл басынан бері өрттен 18 адам көз жұмса, оның 14-і тұрғын үй секторында тіркелген. Көп жағдайда жалын отты абайсыз қолданудан шыққан. Облыс аумағында орын алған 285 өрттің 105-інде осы себеп. Ал 78 өрт – жылыту пешін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан, 69-ы электр жабдығын қолданғанда қауіпсіздік ережелерін бұзудан болған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2022 жылдың 3 айында пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан иіс тиген 10 адам көз жұмып, 39 тұрғын зардап шекті.

«ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында 132 мыңнан астам тұрғын үйді аралап шықты. Азаматтарға ережелерді сақтау бойынша нұсқаулықтар беріліп, 108 жиын, 122 рейд өткізілді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.



Соңғы жаңалықтар