ШҚО-да өртенген үйдің тұрғыны арқанның көмегімен құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданында көпқабатты үйден өрт шығып, 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт төртінші қабатта тұтанғандықтан, үстіңгі қабаттағы тұрғындар сыртқа шыға алмай қалған. 47 жастағы 3 топ мүгедегі жалынды өз бетімен өшірмек болып, көп уақыт жоғалтқан. Көршілері көмектескенше өзінің өмірі қыл үстінде болған.

«Бесінші қабатта қалған әйелдер балконға шығып айқайлап жатты. Олардың үшаяқты баспалдақтың көмегімен түсірдік. Өздігінен жүре алмайтын бір әйелді арқанмен байлап түсіруге тура келді. Екі баланы көрпеге орап алып шықтық» - дейді №52 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Қайрат Төлеуғазин.

Өрт салдарынан 16 шаршы метр аумақ отқа оранды.

Соңғы жаңалықтар