ШҚО-да өртенген пәтерген 87 жастағы қария құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында өртенген пәтерген 87 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндірушілерге Бочарников көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.

«Бірінші қабаттағы пәтердегі түтінді көршілері байқап қалған. Бірнеше минут ішінде сол жерге үй иесінің немересі Максим Холщевников келіп, есікті кілтпен ашты. Көк түтін тұмшалаған пәтерге кіріп, 87 жастағы атасын баспалдаққа шығарды. Осы сәтте құтқарушылар келіп, зардап шегушіні жедел жәрдем дәрігерлеріне жеткізді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында 5 тұрғын эвакуацияланған. Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы ауданы 1,5 шаршы метрді құраған қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.

Қарияның қолы мен басы күйіп қалды. Оттың шығу себебі - электрлі жылытқыштың қысқа тұйықталуынан болған.


Соңғы жаңалықтар