ШҚО-да өртенген 1533 гектар орман қалпына келтірілмек

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өртенген 1533 гектар орман қалпына келтірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық жайы сөз етілді.

«5 сәуірде өрт қаупі жоғары кезең басталады. Облыстағы орманшылар мен орман қорғау ведомстволары жарақтандыру деңгейі бойынша республикада төртінші орында тұр. Барлығы 161 техника, төрт тікұшақ бар, материалдық-техникалық база үнемі толықтырылып отырады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, өткен жылы барлық қызметтер орман өрттерінің айтарлықтай аумақтарға таралуына жол бермей, қызыл жалынға қарсы күресте жақсы нәтиже көрсетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өртенген 1533 гектар орманды қалпына келтіруіміз қажет. Ол үшін қазірдің өзінде көшеттер өсіріліп, оларды қосымша сатып алуға ақша бөлінді», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар