ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 18 жүргізушіге айыппұл салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 18 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 маусымда Өскеменде Полиция басқармасының қызметкерлері, ТЖД құтқарушылары мен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Өрт сөндіру көлігіне жол бер» алдын алу шарасы өтті.

«Өрт сөндіру техникасы сиренасының қосылуы бір жерде апат болғандығын білдіреді. Өкінішке қарай, барлық жүргізушілер сондай кезде арнайы автокөлікке жол беруді міндет санамайды. Өрт пен қандай да бір төтенше жағдай кезінде әр секундтың маңызы зор. Жолдағы аздаған кідіріс адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Рейд нәтижесінде өрт сөндіру техникасына жол бермеген 3 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда арнайы көлік құралының қозғалысына басымдық бермегені үшін 18 адамға хаттама толтырылған.


Соңғы жаңалықтар