+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

2021 жылғы 17 қыркүйек 19:27
Бөлісіңіз:
ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру көлігіне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау үшін рейд жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кейбір азаматтар өрт сөндіру көліктерінің қозғалысына кедергі келтіріп жатады. Міне соның салдарынан құтқарушылар алтынға бергісіз уақытты жоғалтады.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Өскемен, Семей, Риддер және Алтай қалаларында арнайы рейд өткізілді. Шараға департамент мамандары мен полиция қызметкерлері қатысты. Бұл жолы көлік көп жүретін жолдар таңдалып алынды.

«Рейд нәтижесінде Өскеменде – 1, Риддерде – 4 және Алтайда – 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Семейде – 3, Алтайда – 5 адамға ескерту жасалды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT