ШҚО-да өрт шыққан үйден 5 жасар бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 5 жасар бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жезкент кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Ең әуелі олар түтін тұмшалаған подъезден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 9 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ өрт сөндірушілер екінші қабаттан бес жасар баланы құтқарды.

«Белгілі болғандай, пәтерде жиһаздар мен жеке заттарды қызыл жалын шарпыған. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 13 шаршы метрді құрады. Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.


Соңғы жаңалықтар