ШҚО-да өрт салдарынан 12 отбасы баспанасыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында өрт болды. Одан ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

Өртті сөндіруге 20 құтқарушы және үш арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оларға әскери бөлім қызметкерлері көмекке келді.
 

«Өрт бір кіреберісі бар екі қабатты үйде тіркелді. Мұнда 12 пәтер бар. Бастапқы мәлімет бойынша жалын бірінші және екінші қабат арасында шыққан. Алау үйдің шатырын да шарпыған. Тұрғындар эвакуацияланды. Баспанасыз қалған отбасылар уақытша Аягөз қалалық қонақ үйіне орналастырылды. Адамдар саны нақтылануда. Қауіпсіз жерге көшірілгендер арасында ешкім зардап шекпеген. Өрт шалған аумақ көлемі нақтылануда», - деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себептерін анықтау үшін Өскемен қаласынан өрт зертханасының жедел сынақ тобы аттандырылды.

Соңғы жаңалықтар