ШҚО-да өрт өршіп тұр: Құтқарушылар арнайы талдау жасады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өңірде болған өрттерге талдау жасап, аптаның қай күнінде жиі өрт болатындығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар өңірде болған өрттерге талдау жасаған. Соның нәтижесінде, өрттің жұма күні жиі шығатындығы белгілі болды.

«Жыл басынан бері бұл күнде 14 оқиға тіркеліп отыр. Ал аптаның басқа күндерінде 2-5 реттен жалын шыққан. Әдетте, бұл күнде халықтың дені жұмыс күндерін аяқтап, саяжайлар мен табиғат аясында тынығуға асығады. Көп жағдайда олар отты пайдалану кезінде абайсыздық танытады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жағдайды тұрақтандыру үшін құтқарушылар демалыс күндері профилактикалық рейдтерге шығуда. Жазғы кезеңде бұл саяжай алқаптары мен орман аймағына, жылыту кезеңінде – тұрғын үй секторына қатысты.Жыл басынан бері саяжайлар мен ормандарды 253 000 рет аралап шықты.Сондай-ақ жұртшылыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар