+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды

2021 жылғы 17 сәуір 18:45
Бөлісіңіз:
ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар саяжайдағы өрттің алдын алу үшін арнайы рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды Өскеменде су қоймасында үш ер адам құтқарылды ШҚО тұрғыны отқа оранған пәтерден екі баланы аман алып шықты

Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері Шығыс Қазақстанда шөптің жануы жиілеген. Жағдайды тұрақтандыру және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары саяжай учаскелері бойынша профилактикалық рейд ұйымдастырды.

«Шара барысында саяжай иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, талапқа бағынбағандарға қарастырылған жауапкершілік туралы баяндалды. ӘҚБтК-нің 336-бабына сәйкес 13 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ жағдайды бақылау үшін мамандар ұшқышсыз ұшатын аппаратты пайдаланды. 200 метр биіктікте ұшатын дрон өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған учаскені тез анықтауға мүмкіндік береді. Экранда жағдайды 2,5-3 шақырым қашықтықта бақылауға болады», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына шөп өртемей, бақылаусыз қоқыс жақпай, балаларыңыздың сіріңкемен ойнауына жол бермеу қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласу керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT