+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері арасында парақорлық фактісі анықталды

2020 жылғы 22 қаңтар 17:48
Бөлісіңіз:
ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері арасында парақорлық фактісі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлық күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалықтарға төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндірілді БҚО-да шаруа қожалықтары басшыларынан пара алған шенеунік сотталды Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа алынды

Браконьерлікпен күресті күшейту аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады.

«Жалпы қамқорлық және тыйым салынған әдістермен, сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскелерінде балық ресурстарын заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамай, браконьерлерден жүйелі түрде 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Осы орайда аталған бөлімнің басшысы мен бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды», - деп аталып өткен таратылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT