ШҚО-да орман өртімен 70-тен астам адам арпалысып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында найзағайдан тұтанған өртті орманшылар мен өрт сөндірушілер екі жақтап өшіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше түстен кейін тұтанған өрт күннің жаңбырлы болуына қарамастан сөнер емес. Оны ауыздықтауға Приморск орман шаруашылығы мен «Қазәуе орман күзеті» мекемесінің 60 қызметкері жұмылдырылды. Оларға Ұлан ауданының өрт сөндрушілері де көмектесуде.

«Өрт тоқтамаған соң Өскеменнің әрбір бөлімшесінен 5 адамнан алдырдық. Өрт сөндірушілерге аумақты тау-тасты болуы үлкен кедергі келтіріп тұр. Техника табаны тимейтін болғандықтан, білек күшіне жүгінуге мәжбүрміз», - дейді Мерей «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару « қызметінің өкілі Мерей Шәріпханов.

Қазірдің өзінде отқа оранған аумақ 28 гектардан асты. Дегенмен төтенше жағдай мамандары маңайдағы ауылдарға өрт қаупі жоқтығын айтады.

Соңғы жаңалықтар