ШҚО-да орман өрті сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында орман өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, 9 шілде сағат 13.00-де Серебрянск қаласынан 10 шақырым қашықтықта, Өскемен орман шаруашылығы аумағының ағашы жоқ ашық аймағында өрт шыққан.

«Оқиға орнына орманшылар бірінші болып барған. Олар 27 гектар бұта мен құрғақ шөптің жанып жатқанын хабарлады. Өрт әрі қарай таралып кетпеу үшін Серебрянск қаласынан өрт сөндіру қызметінің қызметшілері жіберілді. Өрт кешке қарай сөндірілді», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД-дан.

Өрт сөндіруге 28 адам тартылды: 13 орманшы, 15 – өрт сөндіру қызметінің қызметшісі.

Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан. Авторы: Орал Ерланұлы

Соңғы жаңалықтар