ШҚО-да оңалту қызметін көрсететін медициналық ұйым саны артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл оңалту қызметін көрсететін медициналық ұйымдар саны біршама артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылы өңірде оңалту және қалпына келтіру қызметтерімен айналысатын медициналық ұйымдар саны артты.

«Медициналық оңалтудың маңыздылығы айтпаса да белгілі. Түрлі ауыр сырқат пен жарақаттардан кейін адамның қалпына келуі үлкен күш-қайратты қажет етеді. Осы орайда, медициналық оңалту орасан зор рөл атқарады. Пациенттің қалыпты өмірге тез арада оралуы да осыған байланысты. Ал кейде азаматтар оңалту шараларына атүсті қарап, тектен-текке қаржы шығарам деп жаңсақ ойлайды», - деді облыстың бас штаттан тыс реабилитолог-дәрігері Толқын Секеева.

МӘМС жүйесін іске асырудың нәтижесінде медициналық оңалтуды қаржыландыру көлемі артты. Биыл облыс бойынша оңалту қызметін көрсетуге 40 медицина ұйымымен келісімшарт жасалған.

«Оның 15-і Өскеменде, 15-і Семейде болса, 10 медициналық ұйым аудандық ауруханалар базасында жұмыс істейді. Былтыр оңалту және қалпына келтіру қызметтерін тек 32 медициналық ұйым көрсеткен болатын. Осы ұйымдардың үшеуі балаларды оңалтумен айналысады», - деді Т.Секеева.


Соңғы жаңалықтар