ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жеңіл атлетикадан VІ халықаралық турнирді Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы өткізеді. Дода барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра ұйымдастырылады», - делінген olympic.kz сайтындағы ақпаратта.

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир 30 қаңтарда басталады. Оны мына сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.


Соңғы жаңалықтар