ШҚО-да оқушы кішкентай баланы құтқарып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ШҚО-да 2-сынып оқушысы өзінен кішкене баланы судан құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Өзенге 4 жастағы бала құлап кетеді. Онымен бірге ойнап жүрген кішкентайлар ересектерді айғайлап шақырғанға дейін 8 жастағы Виктор кішкене баланы батырмай ұстап тұрыпты. Ал шығарып алуға өзінің шамасы жетпеген.

Виктор Новоселов - Семейдегі №40 мектептің 2 «А»-сыныбының оқушысы. Жас құтқарушыға мектеп оқушыларының алдында марапат қағазы табысталды.

Соңғы жаңалықтар